Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мексикада бортында 10 адам мінген іскерлік ұшақ апатқа ұшырады

Бүгiн, 08:19
553
Бөлісу:
 X/vialhermes
Фото: X/vialhermes

15 желтоқсанда Мехико қаласындағы Толука әуежайының маңында жеке ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Milenio басылымының жазуынша, Cessna Citation III іскерлік ұшағы деп болжанған ұшақ Акапулькодан Толукаға бара жатқан. Апат ұшу-қону жолағынан шамамен 5,7 шақырым жерде болған. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, ұшақ автожөндеу шеберханасына соғылып, жарылыс пен өрт шыққан.

Бортта 10 адам болған: екі экипаж мүшесі және сегіз жолаушы. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеті адам қаза тапқан.

Оқиға орнына жақын маңдағы муниципалитеттердің өрт сөндірушілері, азаматтық қорғаныс қызметкерлері, полиция және Мексика Қызыл Крестінің қызметкерлері тез арада келді. Апаттың себебін анықтау үшін Федералды азаматтық авиация агенттігі мен Мексика штатының билігінен тұратын арнайы топ құрылды.

Өзгелердің жаңалығы