Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мексикада автобус аударылып, ондаған адам қаза тапты

28 Қазан 2024, 05:16
534
Бөлісу:
 Sky News
Фото: Sky News

Мексикада автобус аударылып, ондаған адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sky News таратқан ақпаратқа сәйкес, автобус жүгері таситын жүк көлігінен шығып кеткен тіркеме соғылған.

Қайғылы оқиға салдарынан кем дегенде 24 адамның көз жұмғаны айтылуда.

Ғаламтор желісінде жарияланған бейнероликте Сакатекастағы ұлттық гвардияның үйлестірушісі Хуан Манрикес Морено тіркемеге соғылған соң көлік оң жақ қырына аударылғанын мәлімдеді.

Оқиға орнынан құтқарушылар адамдардың денелерін шығарып жатқан әскери қызметшілер мен қауіпсіздік күштері аудандағы қауіпсіздік жұмыстарын күшейтті.

Өзгелердің жаңалығы