Мексикада құбыр жарылысынан көз жұмғандар саны 70-ке жетті

20 Қаңтар 2019, 09:51
2078
Бөлісу:
Мексикада құбыр жарылысынан көз жұмғандар саны 70-ке жетті

Алматы, BAQ.KZ. Мексикадағы құбыр жарылысынан мерт болғандардың саны 70-ке жетті, деп хабарлады Milenio TV. Бұған дейін 66 адам көз жұмып, 76-сы жарақат алғаны хабарланған болатын.

«Маған жарылыс болған каналды тазалау кезінде тағы төрт адамның мүрдесі табылғанын хабарлады», - деді Идальго шататтың губернаторы Омар Файяда телеарнаға берген пікірінде.

Еске салсақ, жұма күні кешкісін Мексиканың Идальго штатындағы Туспан-Тула ірі құбыр желісінде  жарылыс болып, арты өртке айналған. Дәл сол сәтте жүздеген адам жанармай ұрлап жатқан көрінеді. Мексиканың Pemex мемлекеттік мұнай компаниясы жарылыс құбырды заңсыз кесу салдарынан орын алғанын ресми түрде мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы