Мехикоға клоундар тәжірибе алмасуға жиналды

26 Қазан 2019, 07:30
2614
Бөлісу:
Мехикоға клоундар тәжірибе алмасуға жиналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексика астанасы Мехикода клоундардың халықаралық конгресі өтуде, деп хабарлайды 24.kz. 

Шара әлемнің 14 елінен келген 450-ге тарта адамның басын қосқан. Олар 4 күн бойы шеберлік сағаттарына қатысып, тәжірибе алмасады.

Негізі халықаралық шара осымен 24 жыл бойы тек Мехикода өткізіліп келеді. Шаһар бекер таңдалмаған. Өйткені мұнда 10 мың кәсіби клоун тіркелген. Бұл мегаполистің әрбір 900 тұрғынына шаққанда, бір сайқымазақтан келеді деген сөз.





Өзгелердің жаңалығы