29 Қыркүйек 2019 2019, 17:11
29 Қыркүйек 2019 2019, 17:11
2019
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әткеншек жоғары жылдамдықпен келіп, рельстен шыққан және 10 метрлік биіктіктен құлаған. Бұл туралы жексенбі күні Milenio хабарлады.
Оқыс оқиға Мексиканың астанасы Мехико қаласындағы Химера деп аталатын аттракционда болған. Екі адам: әйел мен еркек қаза тауып, екі адам (екі әйел) жарақат алған.
Жергілікті прокуратураның хабарлауынша, алты адамға психологиялық көмек көрсетілген. Құқыққорғау органдары болған жағдайға байланысты тергеуді
бастады. Қазір аттракциондар саябағы жабық.