Механиктерге білім беретін оқытушы жаңа техниканың артықшылығын айтып берді

15 Қазан 2020, 18:39
6554
Бөлісу:
Механиктерге білім беретін оқытушы жаңа техниканың артықшылығын айтып берді
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Жас маман» жобасы аясында техникамен жабдықталған Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы колледждің жұмысы мен жаңа техникалардың таныстырылымы өтті.

Колледжд оқытушысы Еркежан Чингаева Автокөлікке техникалық қызмет көрсету және қайта жасау мамандығы бойынша студенттерге білім береді.

Механиктерге білім беретін оқытушы жаңа техниканың артықшылығын айтып берді

Механиктерге білім беретін оқытушы жаңа техниканың артықшылығын айтып берді

«Жас маман» жобасы аясында жаңа оқу құрал-жабдықтары алынды. Бұл құралдар көбінесе автокөлік құрылымы, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, диагностика жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар диагностика құралдары мен пәндері бойынша зертханалық және оқу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі, - деді Политехникалық колледждің арнайы пәндер оқытушысы Еркежан Чингаева. 
Механиктерге білім беретін оқытушы жаңа техниканың артықшылығын айтып берді

Ол жабдықталған жаңа техникалардың артықшылығы туралы сөз етті.

Механиктерге білім беретін оқытушы жаңа техниканың артықшылығын айтып берді

Құрылғылардың артықшылықтары бар. Мысалы, бала тек қолымен ғана жұмыс істемей, компьютерге немесе ноутбукке, яғни бағдарламаларға қосу арқылы диагностика жүргізе алады. Сонымен қатар теориялық біліммен шектеліп қалмай, өз беттерінше практикалық жұмыстар да жүргізуге мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда, бұл құрылғылар - дизельді двигатель қозғалтқыштары шассилерін, бензинді қозғалтқышты шассилерін, қоректендіру жүйесі түрлері, заманауи FCI жүйесі. Сонымен қатар генераторды қолдануда қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, ақауларын анықтау жүйелері, жарықтандыру жүйесі, қауіпсіздіктің активті және пассивті түрлері. Активті түрі – ол дизель жүйесі, ал пассивті түрі – қауіпсіздік белдігі мен қауіпсіздік жастықшасы. Бұл жердегі басты артықшылық – балалар дәстүрлі әдіс бойынша оқып не слайдтан көрмейді. Олар өз қолдарымен жұмыс істей алады. Бұл жаңадан келген оқу құрал-жабдықтарының тағы бір артықшылығы, - деп атап өтті ол.
Механиктерге білім беретін оқытушы жаңа техниканың артықшылығын айтып берді

Колледж Беларусь елінің құрал-жабдықтарымен тамыз айында жабдықталған. 

Механиктерге білім беретін оқытушы жаңа техниканың артықшылығын айтып берді

Осы мамандық бойынша сабақ беретін оқытушылар жаңа құрал-жабдықтарды пайдалану бойынша оқу курстарынан өтті. Курс 2 аптаға созылды. Сертификат алғаннан кейін осы оқу жылынан бастап студенттермен зертханалық жұмыстар өткізіп жатырмыз. Қазіргі таңда жұмыс жоспары екіге бөлінген. Біріншісі – онлайн, яғни теориялық білімді қашықтан оқытып жатырмыз. Екінші бөлімі – зертханалық жұмыстар. Карантин шараларына байланысты күніне кесте бойынша 5-6 баланы шақырып, білім беріп жатырмыз, - дейді оқытушы Еркежан Чингаева.
Механиктерге білім беретін оқытушы жаңа техниканың артықшылығын айтып берді

Оның осы салада 5 жыл тәжірибесі бар.

Механиктерге білім беретін оқытушы жаңа техниканың артықшылығын айтып берді

Сондай-ақ баспасөз туры барысында осы колледжде білім алып жатқан студенттің де пікірін білдік.

Механиктерге білім беретін оқытушы жаңа техниканың артықшылығын айтып берді

Политехникалық колледжге 2 жыл бұрын оқуға түстім. Алғашында суретші болу ойымда болатын. Бірақ кейін әкемнің жолын қуып, осы саланы таңдадым. Қазір бұл оқу өзіме қатты ұнайды. Жаңа білім алып, жаңа дүниелер үйреніп жатырмын. Енді болашақта осы алған білімімді ары қарай жетілдіріп, жақсы маман атанамын деп ойлаймын. Басында машина саласында білім алған өте ауыр болып көрінді. Кейін оқытушыларымыз берген білімнің, олардың жақсы түсіндіргендерінің арқасында жеңіл, түсінікті бола түсті, - деді колледждің техник, механик мамандығында оқып жатқан 3-курс студенті Эльдиас Шахметов.

Механиктерге білім беретін оқытушы жаңа техниканың артықшылығын айтып берді

Айта кетейік, бүгін «Жас маман» жобасы аясында техникамен жабдықталған Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы колледждің жұмысы таныстырылды.


Өзгелердің жаңалығы