Механикалық көліктер мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу қағидаларына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Әскери полицияның бас басқармасы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс дайындады.
"Жол қозғалысы туралы" заңында "механикалық көлік құралы" анықтамасынан "мопед" деген сөз алынып тасталды. Ережелерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында бұл ұғым да алынып тасталуға жатады, - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 20 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15329326 сілтеме бойынша танысуға болады.