Мегаполисте тағы заңсыз салынған тұрғын үй кешені анықталды

24 Сәуір 2023, 21:31
1001
Бөлісу:
Мегаполисте тағы заңсыз салынған тұрғын үй кешені анықталды
Фото: Қала құрылысын басқару басқармасының баспасөз қызметі

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жүргізілген мониторинг нәтижесінде интернет желілерінде Шашкин, 42/1 көшесінде орналасқан Maison ТҮК-те пәтерлерді сату туралы хабарландыру жарияланғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қала құрылысын басқару басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда, бұл жер телімінің нысаналы мақсаты жер асты автотұрағы бар әкімшілік ғимарат салу және пайдалану болып табылады, ал сәулет-жоспарлау тапсырмасы медициналық пункт салуға алынған.

Басқарма меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарым шығарды, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын мәжбүрлеп тоқтату туралы сотқа талап арыз берілді.

Сонымен бірге, басқарма Экономикалық тергеу департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментіне шара қолдану үшін хат жолдады.

Еске салайық, жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына қоңырау шалу арқылы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде құжаттың толық пакетінің бар-жоғын тексеру ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы