Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
2-жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақыларын төлеуге 150 миллиард теңге бөлінеді, - деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы отандық фармацевтика саласын аяғына тік тұрғызуды тапсырды.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялап жатыр.Отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілуі тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Келесі жылдан бастап осы бағытта нақты нәтиже күтемін, - деді Президент.
Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратуда.