Медициналық авиация ауылдардағы 2 млн-ға жуық тұрғынға көмек көрсетті

22 Қараша 2022, 10:36
905
Бөлісу:
Медициналық авиация ауылдардағы 2 млн-ға жуық тұрғынға көмек көрсетті

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында көлік медицинасы дамыған. Медициналық көмек және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Биыл еліміздің 10 өңірінде: Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстарында 64 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары қайтадан іске қосылды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, ел аумағында медициналық авиация шалғайдағы елдімекендерге қызмет көрсетеді. 

Медициналық авиацияны ауыл тұрғындарын тасымалдайтын және шұғыл көмек көрсететін 33 әуе кемесі, атап айтқанда, 20 ұшақ және 13 тікұшақ жүзеге асырады. Ауылда жедел медициналық көмек көрсету үшін 595 бригада жұмыс істейді, 1,7 млн шақыртуға қызмет көрсетілді, - деді Ажар Ғиният. 

Еске сала кетейік, бұған дейін министр алдағы 3 жылда болашақ дәрігерлерге грант көбейетіні туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы