Медицина университеті екіге бөлінеді

1 Ақпан 2024, 09:06
6735
Бөлісу:
Медицина университеті екіге бөлінеді
Фото: - архив

"Қарағанды медицина университеті" КеАҚ-н екіге бөлу жолымен одан "Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы" КеАҚ-н жеке мекеме етіп шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы құрылады.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.

Сәйкесінше, екі жеке акционерлік қоғам құрылады:

"Қарағанды медицина университеті" КеАҚ;
"Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы" КеАҚ және "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ.

Екі мекеме де Денсаулық сақтау министрлігіне тікелей бағынады және екеуінің де жарғылық капиталына мемлекет толықтай қатысады.

Оқи отырыңыз: Қарағанды медицина университетінің жанынан аурухана салынады

Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығын" КеАҚ құрудың мақсаты – кәсіптік патология, еңбек гигиенасы және медициналық экология саласындағы ғылыми-зерттеу, клиникалық және білім беру қызметі үшін қажетті жағдайлар жасау, қызметкердің еңбек міндеттерін орындауымен аурудың байланысын сараптау, Қазақстанның кәсіптік патологиялық қызметін үйлестіру, – делінген түсіндірме жазбада.

Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 14 ақпанға дейін.

Өзгелердің жаңалығы