Медицинаны цифрландыру: қағазсыз құжаттама

24 Желтоқсан 2019, 22:24
4516
Бөлісу:
Медицинаны цифрландыру: қағазсыз құжаттама

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық есепке алу құжаттамасының қағаз форматта жүргізу қажеттілігінің болмауына байланысты 127 нысаны алынып тасталды. Осылайша, бастапқы медициналық құжаттама саны 44,8% қысқартылды.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы цифрлық жүргізу шеңберінде есептік құжаттаманың 85,1% электрондық форматқа ауыстырылды (155 нысанның 132 нысаны).

Бүгінгі күні басқа ведомстволармен ықпалдасу мүмкіндігінің болмауына байланысты, 23 есептік нысан қағаз түрінде (денсаулық жағдайы туралы қорытындылар, әскерге шақырылғандардың карталары, сауықтыру лагері мен санаторийлерге анықтамалар мен жолдамалар, жүкті әйелді басқа жұмысқа ауыстыру туралы анықтама, жүкті және босанатын әйелдің алмасу картасы және т.б.) жүргізіледі.

Тиісті өзгерістер мен толықтырулар "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына енгізілді.

Азаматтардан "Ашық үкімет" порталында 1 ұсыныс келіп түскенін айта кету керек, ол осы жобаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қолданыстағы бұйрықта ескерілді.

Бұйрықтың жобасын ҚР ДСМ қоғамдық кеңесімен, барлық құрылымдық бөлімшелермен, аккредиттелген ұйымдармен мақұлданды және келісілді, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ескертулері мен ұсыныстары жоқтығы туралы сараптамалық қорытындысы алынды.

2019 жылғы 29 қарашада бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қолы қойды. 2019 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұл бұйрық 2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық жүргізуге көшу бөлігінде әзірленгенін естеріңізге сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы