Медицина мекемелеріне 1 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілді

19 Сәуір 2020, 19:00
1230
Бөлісу:
Медицина мекемелеріне 1 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімшілік орталығының медицина мекемелеріне 1 млрд астам теңгеге тегін дәрі-дәрмек берілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"СК Фармация" ЖШС Атыраудың медицина мекемелеріне бұған дейін 345 млн теңгеге жіберілген дәрі-дәрмектерге тағы да қосымша 876 млн теңгеге түрлі дәрі-дәрмектер жіберді.

Дәрі-дәрмектер стационарларға, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған адамдарды рецепт бойынша дәрімен амбулаториялық қамтамасыз ету мақсатында медициналық мекемелерге жеткізілді. Емделушілер дәрі-дәрмекті тегін алады. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тегін кепілдендірілген медициналық көлемі аясында берілді, — делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы