Медицина бойынша Нобель сыйлығын кімдер алды

7 Қазан 2024, 19:36
346
Бөлісу:
Медицина бойынша Нобель сыйлығын кімдер алды
Фото: © REUTERS/Christine Olsson/TT News Agency

Физиология мен медицина бойынша 2024 жылғы Нобель сыйлығы америкалық ғалымдар – Виктор Эмброс пен Гари Раканға микроРНҚ-ны ашқаны және оның транскрипциядан кейінгі гендерді реттеудегі рөлі үшін берілді, деп жазады BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Гари Раван 72 жаста, негізінен молекулалық биология мен генетикамен айналысады. Ол АҚШ Ұлттық ғылым академиялары мен медицина академиясының, сондай-ақ америкалық философиялық қоғамның мүшесі.

АҚШ Ұлттық ғылым академиясының және Америка өнер мен ғылым академиясының мүшесі Виктор Эмброс 70 жаста. Ол микроРНҚ зерттеушісі ретінде танымал, бұған дейін де Гари Равканмен бірге көптеген зерттеулер жүргізген.

Нобель комитетінің сайтында айтылғандай, сыйлық гендік белсенділікті реттеудің негізгі принципін ашқаны үшін беріледі.

Біздің хромосомаларымызда сақталған ақпаратты денеміздегі барлық жасушаларға арналған ортақ нұсқаулықпен салыстыруға болады. Әр жасушада бірдей хромосомалар болады, сондықтан әрқайсысында гендер мен нұсқаулардың дәлме-дәл жиынтығы болады.

Дегенмен, бұлшықет пен жүйке сияқты әртүрлі жасушалар мүлдем басқа сипаттамаларға ие. Бұл айырмашылықтар әр жасушаға тек қажетті нұсқауларды таңдауға мүмкіндік беретін гендердің реттелуімен түсіндіріледі, яғни жасушалардың әр түрінде тек гендердің дұрыс жиынтығы белсенді болады.

Виктор Эмброс пен Гари Равкан әртүрлі жасуша түрлерінің қалай дамитынын зерттеді. Олар микроРНҚ – гендерді реттеуде маңызды рөл атқаратын РНҚ молекулаларының жаңа класын ашты.

Ғылым әлеміндегі аталмыш жаңалық көп жасушалы организмдер, соның ішінде адамдар үшін өте маңызды гендерді реттеудің мүлдем жаңа принципін ашты. Қазір адам геномы мыңнан астам микроРНҚ кодтайтыны белгілі. МикроРНҚ организмдердің дамуы мен жұмыс істеуі үшін өте маңызды.

Ғалымдар гендік белсенділікті бақылау үшін жасушаларда қолданылатын өмірлік маңызды реттеу механизмін ашқаны үшін Нобель сыйлығын алды.

Өзгелердің жаңалығы