Медициналық сақтандыру жүйесі халықтың денсаулыққа қатысты шығындарын қысқартуды көздейді

30 Шілде 2021, 09:17
5450
Бөлісу:
Медициналық сақтандыру жүйесі халықтың денсаулыққа қатысты шығындарын қысқартуды көздейді

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірегейі – азаматтарды сақтандыру белгісіммен қамту. Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, шілдеге дейін Жамбыл облысындағы 1 миллион 139 мың адамның 912 453-і немесе 79,8%-ы ғана сақтандырылған.

Мұны Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өңірдегі филиалының директоры Мавлюда Боқаева жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, сақтандырылмағандардың 34 мыңнан астамы тұрақты төлемдерін жасамаған. Кейінгі айларда түрлі себептерге байланысты ол азаматтардың атынан төлемд жүргізу процестері тоқтаған.

Еліміздегі МӘМС-ке жыл басынан бері 190,4 миллиард теңге шамасында қаражат жиналды. Ал осы жүйе қодданысқа енгелі бері 689,2 миллиард теңге түсім жасалды. Биылдыққа Әулиеата өңірінен қор қазынасына 6,5 млрд теңгенің көлемінде жарна аударылды. Жүйе пайда болғалы өңірдегі бұл көрсеткіш 22,5 миллиард млрдтеңгенің шамасын құрайды, - деді филиал жетекшісі.

Медициналық сақтандыру қоры үш жылдан бері тегін жәрдем мен денсаулық сақтауға қатысты қызметтерге ақы төлеп келеді. Жылдың басына дейін-ақ аталған шаралар аясында 69 медициналық нысанмен келісімшарт жасалған екен. Мавлюда Жапсарбайқызының айтуынша, 35-і немесе 50,8%-ы мемлекеттік мекемелер, 32-сі немесе 49,2%-ы жекеменшік ұйымдар. Аталған қор арқылы тегін жәрдем себеті арқылы ұсынылған қызметтерге 35,3 миллиард теңгенің айналасында жұмсалған. Мұның 1,5 миллиард теңгесі жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация қызметіне кетсе, 11,3 миллиард теңгесі – алғашқы медициналық-санитариялық жәрдемге, 4,1 млрд теңгесі – стационар бағытындағы жәрдемдерге, 3,6 млрд теңгесі – әлеуметтік жағынан маңызды ауруларды емдеуге, 811 миллион теңгесі – диагностикалық ккеңес шараларына, 896 миллион теңгесі амбулаториялық гемодиализ қызметтеріне төленген.

Міндетті медициналық сақтандыру қоры Жамбыл облысының тұрғындарына сақтандыру пакеті арқылы көрсетілген қызметтерге 18,2 миллиард теңге төледі. Шығынның басым бөлігі, яғни 8,5 миллиард теңгеден астамы стационарлық-медициналық көмекке тиесілі. Тағы 5 миллиард теңгеден аса қаражат халық тарапынан үлкен сұранысқа ие болып отырған КТ/МРТ сынды консультативтік-диагностикалық аппараттар сатып алуға жұмсалды. 1,06 млрд теңге жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын медициналық қызметтерге, 181 млн теңге профилактикалық тексерулерге ұсынылған қызметтерге аударылды, - деп атап өтті жауапты маман.

Оның айтуынша, қор қазынасынан эпидемиялық ахуалға қарсы күрес жұмыстарына тартылған жамбылдық денсаулық сақтау ұйымдарының 20 мыңға жуық қызметкеріне 6,4 миллиард теңге төлеген екен. Мұның ішінде бірінші тәуекел тобына жататын 7 581 маман 4,7 миллиард теңге алса, екінші топқа енетін 6 550 ақ халатты абзал жанға 1,1 миллиард теңге үлестірілген. Ал үшінші тәуекел тобына кіретін 5 814 адамға 626 миллион теңге берген.

Биылғы алғашқы жартыжылдықта коронавирус індетін жұқтырған науқастарды сауықтыру қызметтеріне 5 миллиард 441 миллион теңге қаражат жұмсалды. Бұл орайда, амбулаторлық емханалардың деңгейіндегі ПТР қызметтеріне 486 миллион теңге бағытталса, аурухана мәртебесіндегі ПТР шаралары үшін 75,8 млн теңге игерілді. Мобильдік топтардың жұмысына 78,5 миллион теңгенің шамасында төлем жасалды. Инфекция жұқтырған пациенттердің еміне 4 млрд 710 млн теңге кетті. Карантин жағдайына келтіру қызметтерге 91 миллионтеңге бөлдік, - деді М. Боқаева.
Сонымен қатар тұрғындардан медициналық ұйымдарда көрсетілетін көмектердің сапасы мен қол жетімділігі туралы шағымдар әлі де түседі екен. Барлық шағымдар мұқият қаралып, уақытында жауап беріліп, келешекте оларды жою мен алдын-алу бойынша шаралар қабылданатын көрінеді.
Жалпы, медициналық сақтандыру жүйесі – халықтың қалтасынан денсаулыққа қатысты шығындарды қысқартуға бағытталған реформа. МӘМС іске қосылғалы бері бұрын азаматтар қалтасынан төлеп келген бағасы қымбат қызметтер қолжетімді бола бастады. Мысалы, жүйе іске қосылғанға дейін клиника-диагностикалық қызметтерге бюджеттен 1,5 млрд теңге төленген болса, жыл басынан бері 5 млрд теңге төленді. Сондай-ақ медициналық реабилитация қызметіне де бөлінген қаржы көлемі артты. Айталық, биыл өңірдегі медициналық оңалтуға бөлінген қаражат 3 миллиард 290 миллион теңгені құрады десек, бұл сан 2019 жылы 600 миллион теңге ғана болған, - деді Мавлюда Жапсарбайқызы.

Нақты мәліметтерге жүгінсек, жарты жыл ішінде аймақтағы медициналық мекемелер стационар деңгейінде 4 895 науқасқа, синдроммен ауыратындарға амбулаториялық деңгейде 226 414 оңалту қызметін ұсынған. 

Жамбылдағы ауруханаларда 38 мың науқас емделсе, сақтандыру қоры есебінен мұның 32 186-сына 8,5 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді, - деді Боқаева. 

Демек, МӘМС жүйесі бұрын жекелеген санаттарға ғана тегін көрсетіліп, көбіне азаматтардың қалтасынан төленіп келген медициналық қызметтерді қолжетімді етті.

Өзгелердің жаңалығы