Медициналық сақтандыру қоры басшысы қандай вакцина салдырмақ?

20 Қаңтар 2021, 18:05
1713
Бөлісу:
Медициналық сақтандыру қоры басшысы қандай вакцина салдырмақ?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Болат Төкежанов коронавирусқа қарсы қандай вакцина салдыратынын айтты. 

Денсаулық сақтау министрі мәлімдегендей, 1 ақпаннан бастап вакцинация басталады. Онда кезеңділік реті бар. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері егілетін болады. Уақыт өте келе, сатып алынған вакцинаны салдырамын деген ойдамын, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Болат Төкежанов 2020 жылдың қорытындылары мен 2021 жылға арналған ӘМСҚ алдында тұрған міндеттеріне тоқталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы