Медеуде сырғанау маусымы ашылды

20 Қазан 2019, 11:14
5165
Бөлісу:
Медеуде сырғанау маусымы ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы ашылды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев инстаграмдағы парақшасында Медеуде сырғанау маусымының ашылғанын жазды.
"Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы ашылды. Барлық белсенді демалыс әуесқойлары — қош келдіңіздер!",-деп жазды әкім өзінің инстаграм парақшасында.

Жаңа маусымда қонақтарды бірқатар едәуір өзгерістер күтуде. Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мұз айдынындағы сервистің сапасы мен деңгейіне ерекше назар аударылған.

Жаңа маусымда қайта сырғануға ақша төлеудің қажеті жоқ. Енді мұз айдынына келген қонақ 1000 теңгеге коньки алып, сеанс соңына дейін сырғанауына болады. Бұл тек ақшаны үнемдеумен қатар, жалға алу кассасына екінші рет кезекке тұрмай-ақ, уақытты үнемдейді.

Уақытты үнемдеудің екінші тетігі – онлайн-кассалар. Алғаш рет жолда келе жатып немесе үйде отырып қызмет түрлеріне ақы төлеу мүмкіндігі жүзеге асты. Билеттерді бір ай бұрын www.medey.info сайтынан алуға болады. Үшінші альтернатива – Onay төлем картасы. Метродағыдай бұдан былай картаны турникетке енгізіп, мұз айдынына кезексіз өтуге болады. Жүйе келушінің жасына орай тариф бойынша картадан қажетті соманы алып қалады. Айтпақшы, бағалар туралы айтар болсақ, олар былтырғы деңгейде қалған.

Конкилерді жалға беру жүйесіне де өзгерістер енгізілген. Нысан іші кең. Конькилерді қайрау мен кафетерий жеке локацияда орналасқан. Коньки беретін терезелер саны артқан. Нысан, келушілер жиі шағымданатын оның ішіндегі дәретханалар да жөндеуден өткен.

Қонақтарға ыңғайлы болу үшін конькилер саны 3500 жұпқа дейін артты. Балалардың қауіпсіз сырғанауы үшін қорғаныс комплектілері және сырғанауды жаңа бастағандарға арналған қосымша инвентарь сатып алынды. Оның ішінде ең кішкентай келушілерді сырғанататын «киттер» де бар.

Қоғамдық тамақтанудың бес толық локациясы жұмыс істейді, соның бірі - орталық арендағы фудкорт. Мұндай әдіс қызмет көрсетуді жүйелендіруге және оған бақылау жасауға мүмкіндік береді әрі оның деңгейін арттырады. Сонымен қатар, сырғанау кезінде дұрыс демалатын орындар саны ұлғаяды.

Қоғамдық тамақтану жүйесін трансформациялау «Медеудің» тарихи келбетін қайта жаңғыртудағы ортақ идеяны жалғастырады. Ағымдағы жылдың маусымынан бастап 1972 жылғы алғашқы сәулет жобасында қарастырылмаған элементтер біртіндеп алынып тасталуда.
Өзгелердің жаңалығы