Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ "Зекет" қайырымдылық қорының СҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен "Өмірге үміт сыйла" акциясы аясындағы алғашқы іс-шарада 15 000 000 теңгеге 36 дана оттегі концентраторы таратылса, бүгінгі күні 12 500 000 теңгеге дәл осындай 25 концентратор сатып алынды деп хабарлайды muftyat.kz.
Оған қоса 73 дана пульсометр де (жүрек қақтығысын өлшеу құралы) алынып, жергілікті Денсаулық сақтау бақармасының нұсқауына сай қала және аудан ауруханаларына таратылды.
Өз тарапынан ақ халатты абзал жандар игі іске себепші болған барша жомарт жандарға және ұйымдастырушы ҚМДБ "Зекет" қорына алғыстарын білдірді. Ұйымдастырушылар бұл акция әлі де өз жалғасын табатынын жеткізді.