Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 2020 жылды қорытындылап, халықты Жаңа жылмен құттықтады.
Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтаймын! Тышқан жылы бүкіл әлем және әрқайсымыз үшін қиын жыл болды . Біз бірнеше ай бойы қатаң карантин режимінде өмір сүрдік. Үйден шыққан кезде, арнайы киім киіп алдына ала белгіленген дистанциядағы ғарышқа шыққан секілді. Маска киіп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауды үйрендік. Биылғы жылы біз "ковидті" түрде сәлемдесуге көштік - қол алыспай, төс соқтырмай амандасатын болдық, - деп жазды министр Facebook-те.
Сондай-ақ, ол өткен жыл әрбір кәсіпкер мен жұмысшы үшін сынақ жылы болғанын айтты.
Локдаунд кезінде көптеген салалардың жұмысы тоқтап, мыңдаған қазақстандықтардың кірістерінің төмендеуіне және тіпті жұмыс орындарынан айырылуына тап болды. Мемлекет біздің азаматтар мен бизнесті қолдау мақсатында бұрын-соңды болмаған шараларға барды. Мазмұны жағынан да, қолдау көлемі жағынан да теңдесі жоқ шаралар жүзеге асырылды. 4 миллионнан астам қазақстандық мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы мөлшерінде төлем алды. Ең көп зардап шеккен салаларды қолдау мақсатында көптеген салық төлемдері уақытша алынып тасталды және жеңілдетілген несие берілді, - деп түсіндірді ол.
Сұлтанов алдағы жылы да мемлекет бизнесті қолдауды жалғастырады деді.
Өткен жылы сауда, көптеген салалар сияқты, үлкен күйзелісті бастан өткерді. Бөлшек саудада да, көтерме саудада да айналымдар біртіндеп ковидке дейінгі деңгейге орала бастады, толық қалпына келуге әлі уақыт керек. Бірақ дағдарыс онлайн-алаңдағы сауданың орасан "кенет көтерілуі" үшін түрткі болды: Қазақстандағы электронды сауданың көлемі үштен біріне - триллион теңгеге дейін өсті. Егер өткен жылы интернетте бөлшек сауда-саттық тек 3,7% болса, қазір бұл шамамен 10%-і құрайды. Жеткізу қызметтерінің көлемі де күрт өсті. Бұған көз жеткізу үшін тіпті цифларды қараудың қажеті жоқ: түрлі-түсті жәшіктері, жолдорбалары бар курьерлер, бізде бір жыл бұрын болмаған, ал қазір бұл көшедегі күнделікті көрініске айналды. Көптеген дүкендер курьерлік қызметтермен ынтымақтасып, интернетте өз парақтарын ашты. Электрондық коммерцияның өсуімен көптеген алаяқтар пайда болғаны рас. Бірақ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен полицияның бірлескен күшімен біз бұл саланы болашақта міндетті түрде бақылауға аламыз, - деп атап өтті Сауда министрі.
Ол жазғандай, өткен жылдың киыншылығы көп болды.
Адамдар жақындарынан, туыстарынан, достарынан айырылды. Көптеген адамдар короновируспен ауырып шықты. Наурыз айынан бастап халқымыздың өмірін сақтап, жаһандық инфекциямен күресудің жаңа әдістерін ойлап табу мақсатында біздің дәрігерлерге ауыр күш түсті. Келесі жылы біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналатын короновирусқа қарсы вакциналар көптеген адамдардың өмірін сақтап, баршамызға бұрынғы қозғалыс еркіндігін қайтаратынына сенімдімін. Ғұмыр кітабымыздағы барлық қайғылы парақты аударып, әлі де ақтарын оптимизммен жаңадан жазуға шақырамын! Жаңа жыл құтты болсын, достар! Сізге және сіздің отбасыңызға денсаулық, жақсылық және амандық тілеймін! Келер жыл барлық жағынан сәтті болсын! - деп қорытындылады министр жазбасын.