Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық корпус қатарына жаңадан қосылған депутат К.В. Авершиннің ант берді.
Мәжілістің төрағасы Ерлан Қошанов AMANAT партиясының тізімі бойынша Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты болып Константин Авершин тіркелгенін айтты.
Конституциямызға сәйкес Парламенттің жаңа сайланған депутаты Қазақстан халқына ант береді. Осыған орай Мәжілісте ант беру үшін депутат Константин Авершин мінберге шығып, ант берді.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деп жаңа депутат ант берді.
Мәжіліс төрағасы депутат Константин Авершинді жаңа қызметімен құттықтап, әріптестері атынан сәттілік тіледі.
Парламенті Мәжілісінің депутаты Константин Авершин Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайланды.