Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы сайланды

16 Маусым 2021, 10:52
5153
Бөлісу:
Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға сәйкес Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасына депутат Арман Қожахметовтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Нұрлан Нығматулин ұсынып отырған кандидаттың білікті заңгер осы салада көптеген қызметтерді абыроймен атқарып келе жатқанын алға тартты.

Арман Төлешұлы үш шақырылымда Мәжіліс депутаты, соның ішінде, осы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді. Осы Комитеттің жұмысын жақсы біледі, тәжірибесі де, білімі де жеткілікті, - деді Мәжіліс төрағасы. 

Айта кету керек, жалпы отырыс барысында осы уақытқа дейін Мәжілістің Комитетін басқарып келген Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қаулы қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы