Мәжіліс жеке детективтік қызметке қатысты заң жобасын қарап жатыр

Нақтырақ айтсақ, Қазақстандағы жеке детективтік қызмет туралы бір-бірімен байланысқан үш заң жобасы қаралуда.

 Мәжілістің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 10:48
Бүгiн 2026, 10:48
111
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

ҚР Парламент Мәжілісі Қазақстандағы жеке детективтік қызмет туралы бір-бірімен байланысқан үш заң жобасын қарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасын заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева таныстырды.

Үш заң жобасының басты мақсаты азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін кеңейту және елімізде жеке детективтік қызмет институтының құқықтық негізін құру болып табылады. Заң жобалары жеке детективтік қызметтің негізгі ұғымдарын, сондай-ақ оны жүзеге асыру қағидаттарын, міндеттері мен тәртібін көздейді, - деді депутат.

Ол сондай-ақ заң жобасында детективтік агенттіктер мен детективтердің құқықтық мәртебесі, олардың қызметін лицензиялау және мемлекеттік реттеу белгіленгенін атады. Снежанна Имашева Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

Наверх