Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын жұмысқа алды.
Мәжілісте Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгеріс енгізу туралы» Заңның жобасы бойынша баяндама жасады.
Бұл заң жобасында ҚР-ның Ұлттық қорынан 2022 жылға арналған кепілдендірілген трансферт сомасын өзгерту көзделген. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша 2022 жылғы 1 маусымға дейін қорытынды әзірлеуге дайын, - деп айтты депутат Марат Құсайынов.