Мәжіліс төрағасы Елорда күнімен құттықтады

6 Шілде 2024, 11:13
439
Бөлісу:
Мәжіліс төрағасы Елорда күнімен құттықтады
Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда – елдігіміздің айшықты белгісі, Тәуелсіздігіміздің мызғымас тірегі. Сарыарқа төсінде бой көтерген осынау бас қаламыз ширек ғасырдан астам тарихында еліміздің өркендеуіне тың серпін берді. Сәулеті мен дәулеті жарасқан Астана – бүгінде білім мен ғылымның, мәдениет пен өнердің заманауи ордасы. Төрткүл дүниенің тұғырлы тұлғалары, беделді халықаралық ұйымдар бас қосатын, тағдырлы шешімдер қабылданатын диалог алаңына айналды, - деді Мәжіліс төрағасы.

Сондай-ақ ол кеше елорда шежіресі сондай тағы бір жаһандық жиынмен, тарихи оқиғамен толығып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті жоғары деңгейде өткенін айтты. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана – болашағы зор қала. Келешекте де Астана біздің геосаяси аймақтағы маңызды орталық ретінде дами бермек» деп, сәулетті шаһардың ерекше рөлі мен бет-бағдарын айқындап берді. Еңсесі биік елордамыз әрдайым бірлік пен бейбітшіліктің, жасампаздық пен жаңғырудыңұйытқысы болып, елімізді биік белестерге бастай берсін! Баршаңызға бақ-береке және амандық тілеймін, - деді.

Өзгелердің жаңалығы