Мәжіліс төрағасы Болат Назарбаев жайлы пікір білдірді

27 Сәуір 2022, 13:34
1863
Бөлісу:
Мәжіліс төрағасы Болат Назарбаев жайлы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс кулуарында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Алтын орда базарындағы заңсыздық жайында журналистер сұрағына жауап берді.

26 сәуір күні ғана Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Алтын орда базарында «бұзылмаған заң қалмағанын» айтқан болатын.

Ең біріншіден, Алматыдағы «Алтын орда» базары туралы айтқан Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың сұхбатын көрген жоқпын. Алтын орда базарына қатысты қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Менің ойымша, әділетті шешім шығады. Күту керек. Қазір дербес құқығы бар, «қол сұқпау» қақына ие ешкім жоқ. Сол себепті базардың бастығы немесе жетекшісі болсын, қылмыс жасаса, ол тиісті жазасын алады, - деп айтты Қошанов Мәжілісте.

Журналистер «Болат Назарбаевтың қашып кеткені рас па?» деп сұрады. 

Менде ондай ақпарат жоқ, - деп жауап берді Қошанов. 

Егер оның қылмысы болса, жазаға тартылады. Қылмысы болмаса жазаға тартылмайды. Біз құқықтық мемлекетпіз ғой, - деп айтты Мәжіліс төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы