Мәжіліс қарыз алушыларға қатысты заңға Сенат енгізген түзетумен келісті

29 Мамыр 2024, 12:17
1066
Бөлісу:
Мәжіліс қарыз алушыларға қатысты заңға Сенат енгізген түзетумен келісті
Фото: BAQ.KZ -архив

Мәжіліс депутаттары қарыз алушылардың құқығын қорғауға бағытталған заңға Сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға Сенат енгізген түзетулермен келісті.

Депутат Берік Бейсенғалиевтің сөзінше, Сенат енгізілген түзетулер тұтастай алғанда қаржы нарығын реттеуді жетілдіруге бағытталған.

Құжатта қандай мәселелер бар:

- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметін республикалық бюджет шығыстарының құрамынан қаржыландыруды алып тастау және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бюджетінен қаржыландыруға көшу;
- әскери қызметшілерге мерзімді қызмет өткергеннен кейін 60 күнге банктік қарыз немесе микрокредит бойынша төлемдерді қосымша кейінге қалдыруды ұсыну;
- синдикатталған қаржыландыруға қатысуға құқығы бар тұлғалардың тізбесін кеңейтіп, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарын, «Астана» халықаралық қаржы орталығының банктерін енгізу;
- қаржы ұйымының басшы лауазымына кандидатты келісу кезінде Ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстанның Даму Банкінің, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілін ескеру;
- коллекторлық агенттіктердің кредиттік бюроға берешекті реттеу жөніндегі мәліметтерді ұсыну міндетін енгізу;
- Заңның тақырыбын және жекелеген жаңа ережелерінің қолданысқа енгізілу мерзімін өзгерту.

Осы айтылғандарды ескере отырып, Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісуге болады деп есептейді, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы