Мәжіліс отырысында депутат министрге ескерту жасады

Бүгін Мәжілісте өткен жалпы отырыс барысында депутат Бақытжан Базарбек Ұлттық экономика министрі, Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Мәжіліс 9 Сәуір 2025 2025, 16:03
9 Сәуір 2025 2025, 16:03
907
Фото: Мәжіліс

Бүгін Мәжілісте өткен жалпы отырыс барысында депутат Бақытжан Базарбек Ұлттық экономика министрі, Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Депутат министрге сұрақ қоймақ болғанда, оның телефонмен сөйлесіп отырғанын байқап қалды.

 Сіз қазір телефонмен сөйлесіп отырсыз ба? Менің не айтып жатқанымды кейін жазбадан тыңдайтын шығарсыз, – деді ол.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте Салық кодексі жобасы қаралған болатын.

Наверх