Мәжіліс Конституциялық Соттың үш судьясын тағайындады

30 Желтоқсан 2022, 10:15
1457
Бөлісу:
Мәжіліс Конституциялық Соттың үш судьясын тағайындады

Депуттар Мәжілістің жалпы отырысында Конституциялық Соттың судьяларын тағайындау мәселелерін қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конституцияның 57-бабының 1-тармақшасына сәйкес Парламенттің әр палатасы Конституциялық Соттың 3 судьясын тағайындайды. Олар өз қызметтеріне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кіріседі.

Заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов ұсынылған кандидатуралар бойынша қорытынды жасады. 

Конституцияның 58-бабы 3-тармағының 7-тармақшасына сәйкес Конституциялық Соттың  судьясы лауазымына Қанат Сергейұлы Мусинді, Еркін Әнуарұлы Оңғарбаевты және Сергей Федерович Ударцевті тағайындау туралы Парламент Мәжілісі төрағасының ұсынысы енгізілді, - деді ол.

Арман Қожахметов «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес жоғарыда аталған тұлғалардың кандидатуралары қаралғанын айтты.

Депутат атап өткендей, ұсынылған кандидаттар заң және құқықтық салада еңбек еткен мамандар.

Мәжіліс депутаттары қаулыны дауысқа салып, құжатты қабылдады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды. 

Сонымен қатар 29 желтоқсанда Сенаттың жалпы отырысында елімізде жаңадан құрылған Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды. 

Кейін Мемлекет басшысы Эльвира Азимованы қабылдады. 

Өзгелердің жаңалығы