Мәжіліс геодезия мен картография туралы заң жобасын мақұлдады

22 Маусым 2022, 10:53
1265
Бөлісу:
Мәжіліс геодезия мен картография туралы заң жобасын мақұлдады
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Заң жобаларында Қазақстанның бірыңғай цифрлық картографиялық негізін жасауға мүмкіндік беретін дәлдігі жоғары геодезиялық координаталар жүйесімен қамтамасыз етуді көздейді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында баяндама жасап, депутаттардың назарына «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңжобаларын ұсынды.

Қазақстанда бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесі жоқ, нәтижесінде шектеу белгісі бар мәліметтерді пайдаланбас үшін субъектілер ашық көздердегі, яғни бұрыс жүйелерді қолданып жүр. Мәселен, бір елді-мекеннің әртүрлі бірнеше координаттар жүйесі болуы ықтимал.

Заң жобасында қарастырылған жаңашылдықтардың бірі – Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын (ҰКДИ) енгізу, яғни ақпараттар дәл, жедел және өзекті болуы үшін кеңістіктік деректер бір платформада бірыңғай форматта және бірыңғай талаптарға сай қалыптастырады.

Ілеспе заңжобасында Жер кодексіне, сондай-ақ «Ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Мемлекеттік шекарасы туралы» және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.  

Мәжіліс бірінші оқылымда аталған заң жобасын қолдады.

Өзгелердің жаңалығы