Мәжіліс екі заң жобасын мақұлдады

15 Маусым 2022, 11:13
1196
Бөлісу:
Мәжіліс екі заң жобасын мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжілістің жалпы отырысында «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын таныстырды. 

Мәжілістің жалпы отырысында «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы дауыс беру арқылы мақұлдады.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы да бірінші оқылымда мақұлданды. 

Екі заң бойынша да баяндаманы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жасады. 

Заң жобасын қабылдаудағы мақсат – республиканың бүкіл аумағында өсімдіктер дүниесін қорғау, молайту және ұтымды пайдалану саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу. Қазіргі уақытта өсімдіктер дүниесін пайдалануды реттеуге байланысты жекелеген нормалар ҚР Орман, Экология, Жер, Су, Кәсіпкерлік кодекстерін, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңдарын қамтиды. Осыған байланысты «Өсімдіктер дүниесі туралы» арнайы заңды қабылдау қажеттігі бар, ол Қазақстан ратификациялаған халықаралық конвенциялардың ережелеріне де негізделген, - деді Серікқали Брекешев Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұл заң жобасы аясында өсімдіктерді пайдаланған бизнес субъектілеріне төлемақы енгізуді ұсынылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы