Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Алматыдағы «Мәдениет» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Депутат апат өткендей, үш мыңға жуық адам қоныстанған «Мәдениет» тұрғын үйінің басым бөлігін әлеуметтік тұрғыда мұқтаж адамдар құрайды. Кезінде Алматы әкімдігінің шешімімен мұнда тұтас корпустарға туғаннан кемтар бала асырап отырған отбасылар, жалғызбасты аналар мен әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін адамдар қоныстандырылған.
Әлеуметтік қамқорлықты қажет ететін адамдардың жағдайын ескерген депутат Ермұрат Бапи былтыр бұл «Мәдениет» ықшам ауданын өзінің депутаттық бақылауына алған болатын.
Мемлекеттік бағдарламамен салынған бұл тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары барысында мердігер компания «Промкомплект» ЖШС тарапынан бірқатар кемшілікке жол берілген. Бұл құрылыс кінараты тұрғындарға көп қолайсыздық тудыруда. Тіпті, құрылыс талаптары сақталмағаны былай тұрсын, жауын-шашын кезінде үйлердің төбесінен су ағатын, – деді Ермұрат Бапи.
Осыған орай депутат тұрғындарға туғызған осы келеңсіздіктің барлығын ескеріп, қаладағы Алатау аудандық әкімшілігінің басшылығын, жауапты мекемелер мен мердігер компаниялардың өкілдерін шақыртты.
Кемшіліктерді жою мәселесін тұрғындардың тікелей қатысуымен талқылап, биыл оң шешімін табуы тиіс екенін айтты. Мүдделі мекемелер мен жергілікті мемлекеттік органның басшылығы талап еткен тапсырмалар толық орындалатынын айтты.