Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды

5 Қаңтар 2025, 17:15
276
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісінің депутаттары Ұлықбек Тұмашинов пен Ерлан Сайров Өскемен қаласындағы гемотологиялық орталықтың құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжіліс баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ірі жоба қан жүйесі мен кардио-тамыр жүйесі ауруларын диагностикалау мен емдеудің жоғары деңгейіне шығаруға арналған. Сондай-ақ елдегі медициналық көмектің сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды

Орталық AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатыр. Осы жылдың соңына дейін нысан қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарының уақытылы сапалы орындалуы партияның тікелей бақылауында болады. Бұдан бөлек, былтыр біз медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру туралы заң қабылдадық. Бұл заң дәрігерлермен бірге әзірленді және олардың мүддесін қорғауға бағытталған. Осы жолдағы жұмысты біз әрі қарай жалғастыра береміз, – деді Ерлан Саиров.

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды

Нысан бірнеше корпусты қамтиды. Бас ғимаратта химиотерапия күндізгі стационар, балалар стационары, соматика, ересектер гематологиясы, кардиология және кардиохирургия, сондай-ақ сүйек кемігін трансплантациялау бөлімшелері орналасады. Сонымен қатар консультациялық-диагностикалық бөлімше де жұмыс істейді. Барлық құрылыс-монтаж жұмысы кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды

Қазіргі уақыта құрылыстың ішкі жұмыстары қалған. Тиісті құрал жабдықтар да сатып алынып жатыр. Бекітілген мерзімде нысанның құрылысын аяқтап қолданысқа беру қажет. Айта кету керек, бұл шетелден қайтарылған активтердің есебінен салынып жатыр. Ендігі кезекте құрылыс сапасына бақылау күшейтіліп, барлық жұмыс белгіленген стандарттарға сай жүргізілуі тиіс. Нысанның уақытылы іске қосылуы өңір тұрғындарының өмір сүру жағдайы мен аймақтың дамуына елеулі үлес қоспақ, – деді Ұлықбек Тұмашинов.

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды

Жобаның жалпы құны – 71,3 млрд теңге. Құрылыстың басталғалы бері 37,7 млрд теңге игерілді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 78 пайызы орындалған.

Өзгелердің жаңалығы