Мәжіліс депутаттары ШҚО-дағы Жол картасының орындалуын бақылады

21 Ақпан 2022, 21:15
1369
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары ШҚО-дағы Жол картасының орындалуын бақылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Зарина Камасова, Игорь Панченко, Әмірхан Рахымжанов  Шығыс Қазақстан облыстық және Өскемен қалалық мәслихаттары депутаттарымен кездесті.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы талқыланды.

Шығыс Қазақстан облысында Nur Otan партиясының облыстық, 4 қалалық және 15 аудандық сайлауалды бағдарламаларының жүйелі мониторингі ұйымдастырылды. Жалпы 2021 жылғы өңірлік сайлауалды бағдарламалардың орындалуына жүргізілген талдау бойынша 2021 жылға жоспарланған 1055 іс - шараның 1016 - ы (96%) орындалды, 79 іс-шара яғни  7% орындалу сатысында.

Атап айтқанда, орындалған іс-шаралар шеңберінде Семей қаласында Ядролық медицина орталығы, Риддер қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша цех, Шемонаиха ауданында Рулиха ауылында сүт-тауар фермасы, мультикультураларды қайта өңдеу бойынша кәсіпорын пайдалануға берілді, Өскемен қаласында 2 балабақша, Жарма ауданының Әуезов кентінде 1 Мәдениет үйі, Көкпекті ауданының Самар ауылында, Алтай ауданының Серебрянск қаласында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. 

Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің тұрғындарымен жүздесу барысында аудан орталығында аурухана мәселесі бар екендігі аңықталды. Бұл нысан партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасында 2022 жылы қолға алынатындығы көрсетілген. Осыған байланысты, Әмірхан Рахымжанов депутаттар алдағы уақытта осы нысан бойынша жұмыстың сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын өз назарларында ұстайтынын жеткізді.

Жиынға қатысқан Шығыс Қазақстан облыстық және Өскемен қалалық мәслихаттарының депутаттары өзгеде өңірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, сайлауалды бағдарламаның кейбір бағыттары бойынша жүзеге асырылмаған іс-шаралардың бар екендігін айтты. 

Атап айтқанда, 2021 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азамтқа лайықты өмір»  сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының «Экономикалық өсу» бағыты бойынша экспортқа бағдарланған дақылдар (соя, дәндік жүгері, рапс) егістерін ұлғайту  және Өскемен және Семей қалаларында санитариялық полигондар мен қоқыс өңдеу кешендерін салу бойынша екі тармақ орындалмаса, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық желілері бағыты бойынша 10 қала мен 7 ауданда су бұру желілерін 75,3 км реконструкциялау бойынша бір  тармақ жүзеге асырылмаған.

Партияның сайлауалды бағдарламаларында  көрсетілген нақты тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын біз депутаттар бақылауда ұстауымыз қажет. Себебі сайлаушылар алдында біз уәде бердік. Әрбір тапсырма қағаз жүзінде емес іс жүзінде атқарлуы тиіс - деді депутат Зарина Камасова. 

Өзгелердің жаңалығы