Мәжіліс депутаттары Ақсудағы мектептің жөнделу барысымен танысты

11 Шілде 2022, 21:22
1305
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары Ақсудағы мектептің жөнделу барысымен танысты
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірдің бірқатар әлеуметтік нысанын аралады. Халық қалаулылары Ақсу қаласында «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша жөнделіп жатқан мектепте де болды.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарымен бірнеше мердігер айналысып жатыр. Жұмыс кестесі әрқалай болғандықтан, нысан уақытында қолданысқа берілмей қалуы мүмкін. 

«Замануи мектеп» бағдарламасы өңірімізде екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатыр. Былтыр Ақсу аймағында екі мектеп жөнелді. Енді №4 мектепте тиісті жұмыстар басталды. Қазіргі уақытта жөндеуге 420 млн. теңге бөлінген. Нысанның қасбеті, төбесі барлығы жаңарады. Терезе, едендері, сантехника, сумен қамту, электр жүйелері де ауыстырылады. Мектеп аумағы толық абаттандырады. Тек жұмыстардың аяқталу мерзімі үшін уайымдап жатырмыз. Жөндеу келісімшартқа сәйкес 28-ші тамызда тәмамдалуы тиіс. Бүгінде үш бірдей мердігер жұмыс істеп жатыр. Кестеден ауытқу бар,  - дейді Ақсу қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов.

Мектеп 1967 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Жаңарған нысан білім беру ордасының 50 жылдық мерейтойына тарту болмақ. 

Жөндеу барысымен танысқан депутаттар мердігер ұйымдармен кездесіп, талқылау жүргізген. Қос тарап бұл мәселеге түсіністікпен қарап, жоспарды дер кезінде орындауға уағдаласты.

Жұмыс кестесі әрқалай болғандықтан, жұмыстар уақытында аяқталмау мүмкін. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Себебі, қанша бала жаңа мектепке келетін күнін асыға күтіп отыр. Бұл жағдай біздің назарымызда болады, - дейді Мәжіліс депутаты Анатолий Бойчин. 

Өзгелердің жаңалығы