Мәжіліс Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді қабылдады

<h4> Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Әзербайжанмен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды.<br> </h4>

 28 Сәуір 2021 2021, 11:16
28 Сәуір 2021 2021, 11:16
2329

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Әзербайжанмен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды.

Келісімге сәйкес тараптар көші-қон, бір тарап мемлекетінің екінші тарап мемлекетінің аумағындағы азаматтарының құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде өз мемлекеттерінің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады, - делінген құжаттың қорытындысында.

Келісім мемлекеттердің көші-қон заңнамасы туралы ақпарат алмасу, соның ішінде көші-қон процестерін реттеу, қос азаматтық фактілерін тоқтату және заңсыз көші-қонға қарсы күресті ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.
Наверх