Мажарстанда түркі халықтарының үлкен құрылтайы өтті

15 Тамыз 2022, 16:20
1377
Бөлісу:
Мажарстанда түркі халықтарының үлкен құрылтайы өтті
PHOTO

Мажар үкіметінде Парламент вице-президенті Шандор Лежак пен «Мажар-Тұран» Қорының басшысы Андраш Биро құрылтай шымылдығын ресми түрде ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ іс-шарада түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев, Қырғызстанның Мәдениет, спорт және ақпарат министрі Азамат Жаманқұлов, Түркі академиясының президенті, профессор Дархан Қыдырәлі, ТүркПА Бас хатшысы Мехмет Суррея Эр, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев пен қатар 27 ұлт өкілі бас қосып, ортақ мәдени-рухани құндылықтарды талқылады. Бұл бауырлас халықтардың бір-бірін жете тану мен ортақ қасиеттерді айшықтауға бағытталды.  

 

Мажарстанда түркі халықтарының үлкен құрылтайы өтті

Салтанатты жиын 3 күн қатарынан Бугас қалашығында жалғасын тапты.  «Мажар-Тұран» Қорының ұйымдастыруымен 600-ге жуық  қатысушы «Жауынгерлер шеруі»  мен көшпенділер қойылымын арнайы келген шетел азаматтары мен жергілікті халықтың назарына ұсынды. 
Сонымен қатар құрылтай аясында антропология, генетика және археология саласы бойынша түрлі зерттеулер талқыға салынды.

Мажарстанда түркі халықтарының үлкен құрылтайы өтті

Екі күн бұрын біз де Қырғызстанда түрік мемлекеттері ұйымдарының Ақсақалдар жылына арналған жиынын өткіздік. Осы орайда Мажарстан мәжілісі басшысының көмекшісі Лежак Шандорға алғысымды жеткізгім келеді. Өйткені 2008 жылы құрылған бұл жиын жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді, - деп атап өтті жиында сөз алған Түркияның "Ақ партиясы" төрағасының орынбасары және Түрік мемлекеттері ұйымы ақсақал кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым.

Мажарстанда түркі халықтарының үлкен құрылтайы өтті

Сондай-ақ түркі тілдес ұлттардың қолөнер жәрмеңкесі, ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі музыкасы айшықталды.

Мажарстанда түркі халықтарының үлкен құрылтайы өтті

Айта кететін жайт, халықаралық деңгейдегі ауқымды жиын биыл жетінші рет өткізіліп отыр.

 

Мажарстанда түркі халықтарының үлкен құрылтайы өтті
Өзгелердің жаңалығы