Майқайыңға баратын желінің бір шақырым бөлігі қатып қалған

22 Ақпан 2024, 23:52
536
Бөлісу:
Майқайыңға баратын желінің бір шақырым бөлігі қатып қалған
Фото: baq.kz

Майқайың кенті мен "Богатырь Көмір" АҚ-ға су жеткізетін құбыр бойындағы ақауды қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кешелі бері барлығы мұз қатқан 3 учаске анықталды. Мұндай құбыр бөліктері арнайы техникамен қыздырылып жатыр.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, желінің жарылған жерлерінде мұз қатқан.

Ақау шыққан құбыр бөліктері мұз боп қатып қалған. Қазірге дейін мұндай 3 учаске анықталды, олардың жалпы ұзындығы 1 шақырымдай болады. Тексеру шаралы әлі де жалғасуда. Қатып қалған жерлер арнайы техникамен қыздырылып жатыр. Әзірше құбырлар ауыстырылған жоқ, - деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Құбыр бойымен су өте төмен қысымда ағып жатыр. Әзірге Майқайың кентін қамтамасыз ететін резервуарда судың көлемі жеткілікті. Су таситын машиналар тұрғындарға кешеден бері 460 текше метр су жеткізген. Ал бүгінде түнде 180 текше метр, ертең тағы 180-200 текше метр су апарып құяды деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, кеше Екібастұздан Майқайың кентіне ауызсу жеткізетін үлкен құбыр жарылды. Майқайың кентінің тұрғындары күніне 1 мың текше метр ауызсу тұтынады. Қазір қысымның төмендеуіне байланысты "Майқайыңалтын" АҚ су таситын машиналарды жұмылдырды. Құбырдағы ақауға байланысты "Богатырь-Көмір" кәсіпорнына су беру уақытша тоқтатылды. Ал, резервуарда екі тәулікке жететін су бар.

Өзгелердің жаңалығы