"Майқайыңдағы" шұңқырға құлаған адамдар туралы не белгілі?

18 Маусым 2024, 13:13
7748
Бөлісу:
"Майқайыңдағы" шұңқырға құлаған адамдар туралы не белгілі?

"Майқайыңалтын" аумағында шұңқырға құлаған автобустағы екі адамды іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатыр? Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

“Майқайыңалтын” АҚ-да құтқарушыларға қауіп төнгендіктен іздеу жұмыстары тоқтатылды. 13 мамырдан бастап дайындық жүргізіліп жатыр. Оның ішінде кен орнының солтүстік-шығыс бөлігіндегі опырылған топырақты кеңейту жұмысы әлі жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстар біткеннен кейін құтқарушыларға қолайлы жағдай жасалса, іздеу жұмыстары жалғасады, - деді Әрінов үкімет отырысынан соң өткен брифингте.

Министр құтқару жұмыстары қауіпті екенін айтты.

Болжам жасай алмаймын. Жұмыс біткеннен кейін нақты көресіздер. Ол кісілердің мәйіттерін шығарамыз деп жүргенде құтқарушылардан айырылып қалмайық деген мақсатта барлық қауіпсіздік шарасын қабылдап жатырмыз, - деді Әрінов.

Өзгелердің жаңалығы