Майқайыңдағы апат бойынша комиссия құрылады

4 Ақпан 2024, 23:20
543
Бөлісу:
Майқайыңдағы апат бойынша комиссия құрылады
Фото: gov.kz

Майқайыңдағы апат бойынша ойықтың барлық периметрін тексеріп шығуға арналған комиссия құрылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда. Арнайы сканер ойық түбіндегі тау жыныстарының құрылымы өзгергенін әрі жұмсарып бара жатқанын анықтады.

Бүгін мамандар геологиялық радармен ойық түбін кезекті рет сканерлеген.

Геологиялық сканерден алынған мәліметтерді зерделей келгенде, шұңқыр түбіндегі тау жыныстарының құрылымы өзгеріп, босаңси бастағаны анықталды. Нысанның жанында және астында қуыстар мен бос кеңістіктер бар. Кез келген сәтте тау жыныстары төмен опырылып түсіп кетуі мүмкін. Қазіргі күні ойықтың барлық периметрін тексеріп шығуға арналған комиссия құрылып жатыр. Комиссия тау массасын толықтай барлап, іздестіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру керек пе, жоқ па, соны анықтайды, - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ апат орнында экскватор мен мамандар әдеттегідей режімде жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы