Лансет басылымының хабарлауынша, Францияда иесі ауруға шалдыққаннан кейін ізінше маймыл вирусының белгілері үйіндегі итінде байқалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, иттің терісі бөртіп кетті. Сараптама жүргізгеннен кейін маймыл шешегінің диагнозы расталды.
Осы орайда АҚШ-тың аурулардың алдын алу мен бақылау орталығы жан-жануарларды ауырған адамдардан аулақ ұстауды кеңес етеді.
Маймыл шешегін жұқтырған жандардың үйіндегі ит-мысығына жоламағаны жөн. Яғни, оларға су мен тамақ беруге болады, тек оларды сипап, түнде ұйықтағанда қасына алып жатпағаны дұрыс,- дейді Аурулардың алдын алу мен бақылау орталығының эколог маманы Джефф Доти.