Маймыл шешегі 100 мыңға жуық адамға жұққан

16 Тамыз 2024, 15:45
951
Бөлісу:
Маймыл шешегі 100 мыңға жуық адамға жұққан
Фото: BAQ.KZ -архив

Еуропада маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары тіркеліп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маймыл шешегі өте қатерлі, вирустық сырқат болып есептеледі. Қазіргі уақытта ол тек Африкада емес, басқа да мемлекеттерде, континенттерде пайда болғанын көріп отырмыз. Соңғы 2 жылда 100-ден аса мемлекетте осы сырқат тіркелген. 100 мыңға жуық адамға жұққан, - деді брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Вице-министр Қазақстандағы маймыл шешегінің мониторингін жүргізу үшін елге кіру жолдарын бақылау қажет екенін айтты.

Әуежайларда, пойызбен немесе автокөлік жолдарымен өтетін жерлерде термометрия құрылғылары қолданылады. Маймыл шешегінің негізгі белгілері – болып дене қызуының көтерілуі, теріде түрлі дақтардың пайда болуы. Сондықтан маймыл шешегін Қазақстанға енгізуді болдырмауымыз қажет, - деді вице-министр.

Сұлтанғазиев сондай-ақ маймыл шешегінен клиникалық хаттама бекітілгенін айтты. Алайда маймыл шешегінің спецификалық емі, вакцинациясы жоқ екенін жеткізді.

Қазіргі уақытта қажетті ПЦР-тестілер сатып алынды. Болашақта тестілер болатынын атап өткім келеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы