Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жол жөндеушілерге көліктердің кедергісіз жүруін барынша тезірек қамтамасыз ету міндетін қойды. Жаңа асфальт қазір қала бағытында Көгілдір тоғандар аумағында салынуда.
Құрылысшылар айдың соңына дейін Оңтүстік-Шығысқа қарай өтетін жол айырығына дейінгі бөлікті аяқтаймыз деп уәде берді.Қарқынды төмендетпеңіздер, жұмыс жоспарын орындау үшін әр күнді барынша пайдалану қажет. Техника және адамдармен қазір сіздерде проблема жоқ, сондықтан жұмыс істемеуге ешқандай себеп жоқ, – деді Жеңіс Қасымбек.
Бүгінде «Сырдарияға» дейін жолдың бір жағында жұмыстар аяқталды, екінші жағына жақында жоғарғы қабат төсей бастаймыз және «Сырдарияға» дейін аяқтаймыз. Оң жағында, Майқұдыққа барар жағында, М-14-ке дейінгі бөлшекте төменгі қабаттар бойынша жұмыстар аяқталды, қозғалыс ашық. Қазір сол жақ бөлігінде жұмыстар жүргізілуде, – деді Қарағанды қаласының ШҚ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің автожолдар секторының меңгерушісі Нұржан Тасмағамбетов.
Күрделі жөндеумен қатар жарықтандыру тіректерін, жол қозғалысы белгілерін және бағдаршам объектілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Сантехникалық көшесінен Архитектурная көшесіне дейін және «Қазақтелеком» ғимаратынан Винницкая көшесіне дейін жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Біртіндеп тіректер орнатылып, басқа көшелер қосылуда.
Көгілдір тоғандардан Сантехникалық көшесіне дейінгі бөлікте су жиналатын жерлерде нөсер кәрізі орнатылды. 20 бағдаршам қарастырылған, оның 15-і орнатылды. Жолды 428 тірек пен 328 тротуар шамдары жарықтандырады. 16 шақырым жаяу жүргінші жолы абаттандырылады.
Жеңіс Қасымбек сонымен қатар 7-ші магистральді де тексерді. Оның басым бөлігі ашық. Қазір жол құрылысшылары НМК (ХМК) ауданында, соның ішінде жол өткелінде жұмыс істеп жатыр. Негіз дайындап, апта соңына дейін асфальттауға кіріседі. Жөндеуден кейін жол бес жолақты болады.