Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Жәлелұлы Майкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Мұрат Жәлелұлы Майкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатылды;
Талғат Жеңісұлы Жанжүменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды;
Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.