Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлттық құрылтайда» кімнің пікірлері ескеріледі? Кімдер мүше бола алады?
Бұл сұраққа «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Қазбек Майгельдинов жауап берді.
Президенттің өзі атап өткендей, алуан түрлі пікір, бірақ бір мақсат болу қажет. Бұл дегеніміз біздің барлығымыздың көксегеніміз еліміздің гүлденуі. Сол себепті түрлі пікірлер объективті болса, конструктивті түрде шешімдерге келетін болса, кез келген диалогтан ортақ шешімге келуге болады. Сондықтан біз үшін басқа да пікірді азаматтардың ойы маңызды. Оларды құрылтайға кіргізуге мүмкіндік жасалуы тиіс. Өйткені біздің арамызда біржақты ой қалыптасса, қоғамның басқа да бөлігі біздің сөзіміз естілмей қалды деп бас көтеруі мүмкін, - деді ол «Ұлттық құрылтай - қоғамдық диалогтің жаңа моделі» атты Sarap эксперттік клубының отырысында.
Бүгін қазақстандық қоғамдық даму институтының алаңында «Ұлттық құрылтай – қоғамдық диалогтың жаңа моделі» атты «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті.