Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан және басқа да елдер Жеңістің 76 жылдығын атап өтіп жатыр. 1941 жылы басталған Екінші дүниежүзілік соғысқа елімізден шамамен 1,2 млн-ға жуық азамат аттанды. Соғыста ел үшін күрескен азаматтардың қатарында Зеленый Гай ауылының тұрғындары да бар.
Зеленый Гай ауылы - Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданында орналасқан. Зеленогай ауылдық округінің әкімшілік орталығы – Тайынша ауданы. Ауыл 1936 жылы Волыннан жер аударылған неміс және поляк ұлттарынан арнайы қоныс аударушылар үшін құрылған.
80 жыл бұрын сталиндік қуғын-сүргін кезінде осында батыс Украинадан поляктарды күштеп қоныстандырады. Сол жылдары Тайынша стансасына қоныс аударушылар келіп жеткен. Сөйтіп олардың қоныс тепкен жерлері Зеленогай ауылы деген атауға ие болған.
Ауыл тұрғындарының сөзінше, ауылға ең алғаш болып украиндықтар қоныс аударған.
Соғыс жылдары Зеленый Гайдан майданда басын тігуге ауылдағы ер-азаматтар аттанған. Қазіргі күні олардың есімі ауылдағы орта мектептің жанынан ашылған өлкетану мұражайында сақталған.
Бұл музей соғыста ерлік көрсеткен майдангерлерді ұлықтап, олардың ерлігін сақтау мақсатында ашылған.
Музейге ауылдан соғысқа аттанған батырлардың туыстарына жолдаған хаттары, олар туралы жеке ақпараттар, түрлі экспонанттар қойылған.
1941-1945 жылдардағы соғыс кезінде ауылда тек әйелдер мен балалар ғана қалған. Барлық қолына қару ұстай алатын ер-азамат майданға жіберілген.
Музейге ауыл тұрғыны Мирослава Багинскаяның соғыс жылдарындағы естелігі де жазылған. Ол Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі ауылдықтардың көрген қиындығын сипаттаған.
Анамыз қайтыс болды, ал әкемізді еңбекке, ал үлкен ағамызды майданған алып кетті. Үш баланың үлкені мен едім. Сол кездері нанды 200 грамнан бөліп беретін. Үлкен қазанда сорпа қайнатып, оын тұрғындарға үлестіретін. Біз тоңып, аш болып өстік, үшеуімізге бір пальто болды. Қыста колхоз алқаптарында шіріген картопты іздеп, соны жедік. Пештер сабан мен құрғақ арамшөптермен жылытылды. Шөп шабу кезінде 8 жасқа толған балалар да жұмысқа шықты. Қолмен ектік. Үлкен астық сөмкесін иыққа асып, астықты бір шетінен екінші ұшына дейін егіп жүрдік. Күндіз-түні үзіліссіз егін ектік, - делінген оның естелік хатында.
Зеленый Гайдан соғысқа аттанғандың тізімі музейде алтын әріптестермен жазылған.
Олардың қатарында Камали Наурызбаев, Сейітқан Әмірханов, Балтазар Фетер, Александр Павловский, Адам Червинский, Шунге Шемирбаев, Людвиг Суходольский, Балғанбек Кенжегаринов, Героим Мокрецкий, Аймұқан Сәбитов, Героим Дудковский, Кукан Абдрахманов, Ақберген Сүлейменов, Жаналы Батенов, Роман Виршке, Александр Рехтин, Айтыш Қалиев, Михаил Пигина, Әміржан Досбергенов, Августин Гарбовский, Станислав Баньковский, Иван Жолновский, Мартын Сосновский, Сердалы Батенов, Вацлав Витвицский, Гаврило Бараш, Степан Сосновский, Станислав Черепицкий, Алексей Ямщиков бар.
Майданға қатысқан «Берлинді алғаны үшін», «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Сонымен қатар зеленыйгайлық майдангер Жаналы Батенов 1944 жылы «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Ол 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысының қатысушысы. 1910 жылы туылған.
Жаналы Батенов әскер қатарында 1941 жылдан бастап болған. Синявская ауылының жанындағы Ростов бағытындағы шайқастарға, Новороссийск түбіндегі ұрысқа қатысты. Содан кейін олардың взводы «Қызыл Октябрь» және «Пролетарий» зауыттарына ұмтылған фашистердің қатал шабуылдарын жеңді. Белоруссияны, Польшаны, Берлинді азат етуге қатысты. 1945 жылы үйіне оралды.
Майдангер Жаналы Батенов «Ерлігі үшін» медалімен 3 рет, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
Ол соғыс жылдары майданнан отбасына хат жолдаған.
2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай қаза тапқан Зеленогай жауынгерлеріне арналған ескерткіш жаңартылды, бейбіт уақытта қайтыс болған Зеленогай жауынгерлеріне арналған мемориалдық тақталар орнатылды.