Атырау облысының әкімі Маxамбет ауданының жастарымен кездесті

10 Ақпан 2019, 15:48
2671
Бөлісу:
Атырау облысының әкімі Маxамбет ауданының жастарымен кездесті

Астана, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Маxамбет ауданына барған іссапары барысында бірқатар нысандарды аралап «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Аймақ басшысы алдымен Маxамбет ауданындағы 250 орындық аудандық ауруxанаға табан тіреді. Аурухана ғимараты 2001 жылы пайдалануға берілген. Нысанның бірінші қабатында ішкі іркетас құйылмаларының отыруына байланысты ғимараттың қабырғалары жарылған болатын, осыған орай 2018 жылы аурухана ғимараты күрделі жөндеуден өткізілген болатын. 

Одан кейін облыс басшысы аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратына келіп жастардың атқарған жұмыстарымен танысып, жастармен еркін тақырыпта кездесу өткізді. Мекеме  2013 жылы пайдалануға берілген. Негізгі бағыты жастарды спортқа өнерге баулу. Бүгінде Махамбет ауданында 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 7667. Биылғы жылы жастар жылы деп жарияланып, өңірде жастар бастамаларын дамыту үшін барлық жағдай жасалуда.

Бүгінгі күні мемлекетімізде жастарды қолдаудың барлық мүмкіндіктері бар. Бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Президенттің дана және теңдестірілген саясатының арқасында сіздер өсім мен даму үшін керемет мүмкіндіктерге ие болдыңыздар. Сіздердің әрқайсыңыз үшін бұл ұсыныстарыңызды ілгері жылжыту, жобаларды жүзеге асыру, жаңа идеяларды көрсету мүмкіндігі – деді Нұрлан Ноғаев.

Кейін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев "Нұр Отан" партиясы Махамбет аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді, келген барлық арыс-шағымданушыларды тыңдап мәселелерін шешу мақсатында бірқатар мемлекеттік мекемелер басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Өзгелердің жаңалығы