Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мәулен Әшімбаев Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

11 Қыркүйек 2025, 11:38
682
Бөлісу:
 Ғазиз ШАКИРОВ  - архив
VIDEO
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Палата төрағасының айтуынша, қол қусырып отыруға болмайды.

Жалпы, қылмыстың алдын алу, күресу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бұл мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі. Алматы – үлкен қала, 3 млн-дай адам бар мегаполис. Айналасында да Алматыға келіп жұмыс істейтін көп адам тұрады. Оның төңірегіндегі елді мекендерде қиын жағдайлар болып жатыр. Бұл біздің Ішкі істер министрлігіміз, тиісті әкімдіктердің әрі қарай осыдан қорытынды жасап, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру керектігін көрсетеді. Неге олай болып жатқанына ІІМ, тиісті департаменттер тиісті қорытынды жасайтын шығар, - деп жауап берді Мәулен Әшімбаев Сенаттың кулуарында журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар спикер адамдардың қауіпсіздігі бағытындағы жұмысты күшейту қажет деп отыр.

Әрине, біз де бұл мәселелерді көтереміз. Бұл бағыттардағы жұмысты күшейту қажет екені анық. Үлкен мегаполисте әртүрлі жағдайлар болды. Осылай болды екен деп отыра беруге болмайды. Бұл жерде біз алдын алу жұмыстарын күшейтуіміз керек. Адамдардың қауіпсіздігін күшейтуіміз қажет. Бұл мәселелерді Сенатта да көтеретін боламыз, - деді Сенат төрағасы.

Еске салайық, өткен аптада Талғарда елді дүрліктірген қанды қылмыс болды. Қылмысқа күдікті ер адамды өлтіріп, екі жастағы баланы ұрлап кеткен.

Өзгелердің жаңалығы