Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады

20 Шілде 2021, 10:17
3121
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев фейсбук әлеуметтік желісінде Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!

Құрбан айт адамзатты имандылыққа, қайырымдылыққа және ізгілікке үндейді. Осы күндерде барша мұсылман қауымы Алла жолында құрбандық шалып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетуге асығады. Мұндай игі амалдар елдің ырыс-ынтымағын арттырып, өзара келісім мен түсіністікті нығайта түседі.

Биыл да бүкіл әлем қасиетті мерекені күрделі кезеңде қарсы алуға мәжбүр болып отыр. Осы ретте бұл індетті тоқтату үшін карантин талаптарын сақтап, вакцина ектірудің маңызы зор. Іске асырылып жатқан шаралардың негізінде осы індеттен көп ұзамай құтыламыз деп сенеміз.

Ұлық мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, әр шаңыраққа шаттық тілеймін! Шалған құрбандықтарыңыз бен ниеттеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!


 
Өзгелердің жаңалығы