Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Геннадий Головкинге қолдау білдіріп, чемпион болып қала беретінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз Геннадий Головкиннің кезекті тарихи жекпе-жегіне куә болдық. Бұл кездесуде бабы мен бағы қатар шаппаса да, ол біз үшін қашан да чемпион болып қала береді. Бұған дейін талай мәрте жарқын жеңістерімен баршамызға қуаныш сыйлаған спортшымызды біз әрдайым қолдаймыз.
Геннадий Головкин ел спортын дамытуға, қазақ боксын әлемге танытуға үлкен үлес қосты, - деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында.
Оның чемпиондық жолдағы қажырлы еңбегі, төзімділігі мен табандылығы әрбір қазақстандық атлет үшін үлгі-өнеге екені сөзсіз деді.
Головкинге еліктеп өскен жас боксшыларымыз шаршы алаңда әлі талай атой салады деп сенеміз.Чемпионымызға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз. Біз сені әрдайым мақтан тұтамыз, Гена, - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы.
Еске сала кетсек, мексикалық Сауль "Канело" Альварес төрешілер шешімімен Генадий Головкинді жеңді. Осылайша «Канело» екінші орта салмақтағы IBF, WBC, WBA Super және WBO белбеулерін, абсолют чемпион атағын қорғап қалды. Головкинге тиесілі орта салмақтағы IBO, IBA және WBA белбеулері сарапқа салынбаған, сондықтан бұл титулдар GGG еншісінде қалды.