Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мәулен Әшімбаев: Барша қазақстандық референдумға белсенді қатысады деп сенемін

Бүгiн, 10:19
127
Бөлісу:
 Сенат
Фото: Сенат

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев барша қазақстандықты референдумға белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы республикалық референдумға шығарылады. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіндегі тарихи оқиға. Конституцияның жобасы ашық әрі жан-жақты талқыланып, мұқият пысықталды. Талқылау барысында азаматтардың ұсыныстары барынша ескерілді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі жарқын көрінісі екені сөзсіз. Сол арқылы әділетті Қазақстанның Конституциялық моделі қалыптасуда, – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Сонымен қатар ол жаңа Конституция жұмысына белсенді атсалысып жатқан Парламент депутаттарының еңбегіне тоқталды.

Осы ретте Конституциялық комиссияның және оның құрамындағы Парламент депутаттарының қажырлы жұмысын ерекше атап өткен жөн. Осылайша, атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесінде әзірленген жаңа Ата Заңның жобасы бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланады. Алдағы уақытта Сенат депуттары жаңа Ата Заңымыздың ережелерін түсіндіру жұмыстарына бір кісідей атсалысады деп сенеміз. Осы орайда Әділетті Қазақстанның берік негізін қалайтын кезеңде барша қазақстандық өздерінің патриотизмін және азаматтық ұстанымдарын білдіріп, референдумға белсенді қатысады деп сенеміз және соған шақырамыз, – деді Сенат спикері.

Өзгелердің жаңалығы